Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы мөлшері өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2025 жылы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы" Үкімет қаулысын дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 6,5% артады.



Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Құжат 19 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" сайтында жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі "Ашық құқықтық актілер" порталында "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қоғамдық талқыға ұсынған еді. 

Талқылау