Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік тұрғын полицей киімін киіп, жұртты тонаған

Ақтөбеде өзін полицеймін деп таныстырып, тұрғындарды алдаған ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

"Алдымен ол адамға жақындап, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған. Одан соң жеке куәлігін қараймын деп телефонынан цифрлық куәлікті көрсетуді талап еткен", – делінген материалда.

Өтірік полицей құжатты қараймын деп алған телефонды алып қашып кеткен.

Екінші жағдайда қылмыскер өтіп бара жатқан адамның қымбат сымсыз құлаққабын көріп, дәл осылай әрекет ете бастаған. Ол тағы да өзін полицеймін деп таныстырып, дәл осы құлаққаптың бұрын ұрланғанын айтқан, содан соң IMEI кодын тексеруді сұраған.

Артынша өтірік полицей жігітті полиция бөліміне апарамын деп такси шақырған. Біраз уақыттан кейін жігіт өзінің алданғанын түсініп, жүргізушіден тоқтауды өтінді, бірақ қаскөй қашып үлгерген.

Десе де ол тез ұсталды. Сот ер адамды бес жылға бас бостандығынан айырды.

Талқылау