Щучинскіде 12 жасар қыз 5-қабаттан құлап аман қалды
Щучинск қаласында оқушы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Istock.com
12 жасар қыз қазір ауруханада жатыр.
Ақмола облысы Бурабай аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға Щучинскіде 14 қыркүйекте болған.
"Бұған дейін 12 жасар қыздың бесінші қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кеткені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, терезеден секіріп кеткені айтылды.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды?
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда