Қазақстанда 2022 жылы мектеп бітіру кештері қалай өткізіледі
Білім және ғылым министрлігі мектеп бітіру кештерінің қалай өтетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 2022 жылы мектеп бітірушілерге мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға болатынын айтты.
"Жоғары сынып оқушылары мектеп бітіру сәтін асыға күтеді, өйткені бұл өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басатын уақыт. Пандемияның кесірінен соңғы екі жылда мектеп бітіру кештері ұйымдастырылған жоқ. Бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр. Бірақ метеп бітіру кештерінің барлығы мектеп қабырғасында өткізіледі. Мектептердің қамқоршылық кеңестері мен білім бөлімдері түлектердің ата-аналарына аталған іс-шараларға қаржы жұмсаудың орынсыз екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл мәселе күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі", - деді білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова.
Мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, мүдделі мемлекет өкілдері органдары және басқалары бітіру іс-шараларына қатыса алады.
Бітіруді білім беру ұйымының өзі өткізуі керектігі атап өтілген.
Шектеу қойылған:
- Аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, суретшілерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін жеке студияларды төлеуге тартуға;
- Мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға;
- Жалдамалы автокөліктермен қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізу;
- Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар үшін қаражат жинауға;
- Ойын-сауық мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның барлық мектептерінде соңғы қоңырау 2022 жылдың 25 мамырында болатынын айтты. Аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 2022 жылдың 16-17 маусымы аралығында өтеді.