Қазақстанда 2 тамыздан бастап аптап ыстық басылады
Фото: ru.35photo.pro / Авторы Liudmila Babrouskaya
Қазгидромет Қазақстанда 2 тамыздан бастап циклонның әсерінен бірқатар өңірде ыстық ауа райы жаңбырлы күндермен ауысатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің дерегінше, елдің оңтүстігінде де ыстықтың бәсеңдеуі байқалады. Алдағы күндері циклон жылдамдығы баяу болғандықтан, еліміздің басым бөлігіне әсерін сақтап қалады. Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.
2 тамыздан бастап циклонның артынан солтүстіктен антициклон жылжып келе бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасының 15-20°С-қа дейін төмендеуіне себеп болады.
Қазақстанда шілде айының соңында қандай ауа райы болады
Еуропадағы кондиционерлер аптап ыстыққа әсер етті – Сарапшы
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда екі қаланың тұрғындары аптап ыстық салдарынан жарықсыз қалғанын жаздық. 70-тен аса кабель бұзылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шымкентте де ыстық ауа райына байланысты энергия тұтыну күрт өсіп, жүйеге шамадан тыс жүктеме түсті. Қаланың жартысынан астамы жарықсыз қалып, билік уақытша шектеулерді енгізді.