Қазақстанда 145 колледж студенттерді оқыту құқығынан айырылды
Елімізде 145 колледж 330 мамандық бойынша студенттерді оқыту құқығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл мамандықтардың арасында еңбек нарығында сұранысқа ие болмаған мамандықтар да бар.
"Студенттер мен ата-аналарға алаңдаудың еш қажеті жоқ. Білім алушылар оқуын аяқтады, ол үшін колледждердің жұмыс жасауына мүмкіндік берілді. Бұған дейін берілген барлық дипломдар жарамды. Тек 145 колледж енді жекелеген мамандықтар бойынша студенттерді оқуға қабылдамайтын болды", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Мониторинг барысында колледж директорларымен бірге жүргізілген жұмыстың нәтижесінде осындай шешім қабылданды.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады