Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Украинаға 2,2 миллион долларға тең гуманитарлық көмек бөледі

Қазақстан Украинаға 25 түрлі медициналық препараттан тұратын гуманитарлық көмек жібереді. Бұл жайлы Үкіметтің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көмек

Қазақстан екінші мемлекеттен ресми сұраныс келіп түскенде ғана гуманитарлық көмек көрсетеді екен. Украина тарапының осындай сұранысынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев көмек көрсетуге қатысты нақты тапсырмалар берген. 



"Үкімет жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету бойынша комиссиясы Украинаға құны 2 251 445 миллион долларға тең, 25 түрлі препараттан тұратын гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Гуманитарлық көмектің салмағы 82 тонна", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінде. 

Қазір жүкті Украинаға жеткізу сұрағы қарастырылып жатыр. Себебі жүкті жеткізу қауіпке байланысты қиындаған. 

Қазақстан үкіметі көршілер елдермен Украинаға арналған көмекті бөлу және орналастыру үшін келіссөз жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың Украинаға көмек ретінде 100 миллион теңгеден астам қаражат жинаған еді. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 10 Наурыз, 2022 07:37
Талқылау