Қазақстан шетелдегі этникалық қазақтарға жер беру туралы заң жобасын дайындап жатыр
Фото: Instagram.com/ospanali
Қазақстан шетелде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Енді "Ата жолы" картасының иелеріне тарихи отанында жер алып, бизнес жүргізуге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, осы мақсатта еліміздің Жер кодексіне және бірқатар заңдарына өзгерістер енгізу көзделген. Бұл түзетулер шетелдегі этникалық қазақтарға Қазақстанда кәсіп ашуға, жұмысқа орналасуға және жер телімдерін алуға мүмкіндік береді.
Заң жобасында мынадай маңызды өзгерістер қарастырылған:
– “Ата жолы” картасы иелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау (“Халықтың көші-қоны туралы” Заңға);
– бизнесті бастауға қолдау көрсету (“Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы” Заңға);
– біліктілігі тең адамдарға жұмыспен қамту жеңілдіктері (Еңбек кодексіне);
– жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығы (Кәсіпкерлік кодексінде);
– жер учаскелерін алу құқығы (Жер кодексінде).
Пәкістандағы 300 этникалық қазаққа қауіп төніп тұр: Депутат билікті оларды құтқаруға шақырды
Бектеновтың айтуынша, бұл заң жобасы мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен әзірленіп жатыр. Қабылданған жағдайда, “Ата жолы” картасының иелеріне берілетін мүмкіндіктер айтарлықтай артады.
“Бұл карта этникалық қазақтардың тарихи отанымен байланысын күшейтіп, білікті мамандарды Қазақстанға тартуға арналған”, – деді премьер-министр.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Ресейден, Қытайдан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Израильден, АҚШ-тан және басқа елдерден келген бизнес-иммигранттарды қоса алғанда, 153 адамға 71 "Ата жолы" картасы берілді. Олардың қатарында физика, медицина, ауыл шаруашылығы және IT салаларының мамандары бар.
Дегенмен, сенатор Бекбол Орынбасаровтың сөзінше, бюрократиялық кедергілерге байланысты көптеген этникалық қазақтар бұл мүмкіндікті пайдалана алмай отыр. Ол осы мәселені шешу үшін ведомствоаралық комиссия құруды ұсынды.
“Ата жолы” картасы этникалық қазақтарға қазіргі азаматтығын сақтап, Қазақстанда 10 жылға дейін уақытша тұру құқығын, жұмысқа, бизнеске, тегін білім алуға және жеңілдетілген азаматтық алу процесіне қол жеткізу құқығын береді.
Айта кетейік, бұған дейін Этникалық қазақтар Қазақстанда тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік алғаны туралы жазған едік.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді