AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы шекараны құрлық арқылы өтуге қойылған шектеулерді алып тастады

11 сәуірден бастап қазақстандықтардың, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдіктердің Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстанмен құрлықтағы өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге қойылған шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, Қазақстан шекарасын әуе көлігімен кесіп өтуге қойылған барлық шектеулер алынып тасталды, бұл туралы коронавирустың алдын алу және оның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.

"Бұл ретте ПТР әдісін қолдану арқылы COVID-19 тестісі теріс нәтиже көрсеткен анықтама немесе вакцинацияның толық курсын, COVID-19-ға қарсы ревакцинацияны аяқтағанын растайтын құжатты/төлқұжатты міндетті түрде ұсыну талабы сақталады. Бқл ереже бойынша шекарадан өту Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар қазақстандықтар мен шетелдіктер, сондай-ақ екпе паспорттары өзара мойындалған шетел азаматтарына рұқсат етілген", - делінген үкімет хабарламасында.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өз сөзінде мемлекеттік шекараны ашу мәселесі мемлекет басшысының тұрақты жеке бақылауында екенін баса айтты.

Сондай-ақ, Тоғжанов әкімдіктерге коронавирусқа қарсы екпе науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр