Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери күшке қаражат бөлу жағынан Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерін басып озды

Global Firepower рейтингі бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы елдердің арасында әкери қорғанысқа қаражатты ең көп бөлетін ел. Бұл шамамен 3,9 миллиард долларды құрайы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom порталына сілтеме жасап.

Global Firepower рейтингі қаржылық нәтижелерден бастап логистикалық мүмкіндіктерге және географиялық орнына дейінгі 50-ден астам жеке факторларды пайдаланып, сараптама жасайды. Рейтингте ядролық қарулар есепке алынбаған.

Орталық Азияда елдері арасында Өзбекстан аз инвестициямен ең жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Бүгінде Қазақстан ең үлкен қорғаныс бюджетіне ие. Ол шамамен 3,9 миллиард долларды құрайды. Бұл небәрі 693 миллион АҚШ доллары бюджеті бар Өзбекстаннан шамамен 5,6 есеге көп. Бұл ретте Қазақстанның рейтингтегі орны Өзбекстаннан тоғыз позицияға төмен.



Қарулы күштерді ұстау мен әскери  қорғаныста Тәжікстанда 407 миллион, Қырғызстанда116 миллион және Түркіменстанда 90 миллион доллар бөлінген.

Әскери-әуе күштеріне келетін болсақ, Қазақстанда да жауынгерлік техника көп. Өзбекстан сияқты тікұшақтар, шабуылдаушы ұшақтар, жойғыш ұшақтар бар. Ал Қырғызстан мен Түркіменстанда истребительдер де, шабуылдаушы ұшақтар да жоқ. 

Орталық Азияның екі елінде ғана теңіз күштері бар. Олар – Қазақстан мен Түркіменстан. Дәл осы мемлекеттер Каспий теңізіне шыға алады. Екі елдің әскери-теңіз күштері патрульдік кемелерден тұрады. Қазақстанда олардың 15-і бар. Оның екеуі минаға қарсы кемелер. 

Талқылау