Қазақстан өңірлері арасындағы блок-бекеттер алынды
Қазақстанда 1 маусымға қараған түні өңірлер арасындағы блок-бекеттерді алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Енді қазақстандықтар автокөлікпен республиканың басқа аймақтарына бара алады. 5 маусымнан бастап республика қалааралық автобустарды қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ретте азаматтар санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыруға тиіс.
"Ел ішінде орын ауыстыруға тыйым салуды алып тастау жалпы елімізде өңірлер арасында аурушаңдық деңгейі теңестірілгенін білдіреді. Енді азаматтарды орын ауыстырудан тыюдың қажеті жоқ", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Дегенмен, облыс әкімдіктерінің шешімі бойынша, коронавирус ошағы аймақтарында жергілікті блок-бекеттер сақталуы мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстанда 610 автобусы (сыйымдылығы 45-тен 55 орынға дейінгі ІІІ класты автобустар) бар 88 тасымалдаушы жұмыс істейтін 313 қалааралық бағыт бар.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады