Қазақстан оқушылары қашықтан білім алады: Демалыс мерзімі өзгере ме

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларға арналған демалыс мерзімі өзгертілмейді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында коронавирус пандемиясына байланысты 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның мектеп оқушылары мен студенттері қашықтан білім алатындығы туралы шешім қабылданды.

Отырыс барысында білім және ғылым министрлігінің басшысына еліміздің оқушылары үшін демалыс мерзімін ауыстыру немесе тоқтату туралы сауал жолданды.



"Біз мектеп демалысы мәселесін реттейтін бұйрық дайындадық. Онда демалыс мерзімі өзгеріссіз қалады. Қашықтан оқыту форматына қарамастан, балалар қатты шаршайды, сондықтан демалыс кезінде өзгерістер жоқ", - деп жауап берді министр.

Жаңа оқу жылының басталуына дейін "бір сынып - бір мұғалім" қағидасы бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптардың жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, шағын жинақты мектептердің оқушылары дәстүрлі түрде білім ала алады деді шенеунік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр