Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан бір-біріне бақталас та, бәсекелес те емес – Тоқаев

Қазақстан мен Өзбекстан бір-біріне бақталас та, бәсекелес те емес – Тоқаев

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевке және барша өзбек ағайынға қазақ делегациясына қонақжайлық көрсетіп, ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін алғыс айтты. 

Оның сөзінше, бүгінгі уағдаластықтар екі елдің ұлттық мүдделеріне сай келеді әрі халықтарымыз арасындағы мызғымас достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты көрсетеді.

“Қазақстан Президенті ретінде Өзбекстанмен көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға басымдық беру міндетім деп санаймын. Кейбір сарапшысымақтар айтып жүргендей, Қазақстан мен Өзбекстан – бақталас та, бәсекелес те емес, керісінше, өркендеу жолында тізе қосып, қатар келе жатқан стратегиялық серіктес, сенімді одақтас. Халықтарымыз бір-бірін шынайы құрмет тұтатын жақын бауырлар, достар”, – деді Президент.

Сондай-ақ Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысына Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасын табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаев “Олий Даражали Дустлик” (“Жоғары дәрежелі достық”) орденімен марапатталды.

Қазақстан мен Өзбекстан бір-біріне бақталас та, бәсекелес те емес – Тоқаев

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті. Сонымен қатар өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық пен тату көршілік байланысты нығайтуға қосқан үлесін айрықша бағалайтынын жеткізді.

Айым Болатқызы
Сенбі, 15 Қараша, 2025 15:52
Талқылау