Қазақстан мен Қытай шекарасы қашан ашылады? Министрлік түсіндірді
Қазақстан-Қытай шекарасы қашанға дейін жабылады. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев айтты.
"Қытаймен шекара мәселесі өзекті болып табылады. Біз бұл проблемалардың қазір туындап жатқанын көріп отырмыз. Бірақ біз бәріміз түсінеміз, оның басты себебі Қытайдың шекарасын толығымен жауып тастайтын ковидтік жағдай болып тұр. Келіп жатқан тауарларды екі есе, үш есе тазартады. Соның әсерінен тауарлар шекарада ұзақ уақыт болды", - деді сауда вице-министрі брифингте.
Қазақстандық кәсіпкерлерге көмектесу үшін министрлік Қытай тарапымен келіссөздер жүргізуде.
"Тауарларымызды жылдам жеткізу үшін біз белгілі бір нәрселерді келісуге тырысамыз. Жалпы алғанда, ковидке қатысты жағдай төмендемейінше, біз Қытайдан басқа жұмсақ шараларды көрмейміз. Жағдай жақсарса, Қытай шекараны ашады", - деп қосты Ержан Қазанбаев.
Қазан айында қазақстандық кәсіпкерлер кезекті үндеу жолдап, онда Қазақстан-Қытай шекарасындағы тауарлардың тоқтап қалуы, соның салдарынан миллиардтаған доллар шығынға ұшырап жатқаны туралы шағымданған болатын.
Импорттаушылар мен логист мамандардың айтуынша, Қытай Еуропаға транзиттік тауарларға басымдық беріп, тасымалдауды тоқтатып, Қазақстанға немесе Қазақстаннан келетін жүктердің өту жылдамдығын айтарлықтай төмендетті.
Бизнесмендер барлық логистика құнының қымбаттауын, тауарды жеткізу мерзімінің айтарлықтай ұлғаюын, ағымдағы шығындар мен қаражаттың қатып қалғанын айтады. Міндеттемелерін орындау үшін олар ҚХР аумағында тауар ақысын төлеп қойғандықтан, басқа елдерден әлдеқайда жоғары бағамен тауар сатып алуға мәжбүр.
Қазақстан мен Қытай өз кезегінде санитарлық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып, жақын арада бірлескен күш-жігермен бұл мәселені шешу үшін барлық шараларды қабылдауға келісті деп мәлімдеді.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
