AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ластану деңгейі ең жоғары елдердің қатарына кірді

Қазақстан әлемдегі қалалардың ластануы бойынша ең нашар елдер рейтингінде 115 елдің арасынан 33-орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz. порталына сілтеме жасап. 

Алайда, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар бір жылда бар-жоғы 4 пайызға өскен. Ластану индексі 73,4-ті құрады. Индекс неғұрлым жоғары болса, елдегі жағдай соғұрлым нашар болады. 

Ең лас елдердің көшін Камерун, Моңғолия мен Мьянма бастап тұр. Рейтингті небәрі 12,1 индексімен Финляндия түйіндеді. Айта кетері, бұл әлемдегі үздік көрсеткіш саналады.

Рейтингке қатысатын ТМД елдері арасында Әзербайжанның экологиялық жағдайы Қазақстанға қарағанда нашарлау. Ал Молдова, Украина, Ресей, Армения және Беларусьте ластану деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда төмен.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі инвестиция небәрі 4,3%-ке, 163,9 миллиард теңгеге дейін өскен.

2020 жылы инвестиция 157,1 миллиард теңге болған еді, бір жылда 33,8%-ке артты.



Өңірлер арасында инвестиция көлемі бойынша Жамбыл облысы алда келеді – 52,8 миллиард теңге. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есе көп.

Үздік үштікке елорда (26 млрд теңге, өсім 7 есе) мен Ақтөбе облысы (19,8 млрд теңге, өсім 2 есе) кірді. ТОП-5 қатарына Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстары қосылды.

Инвестиция көлемі ең аз өңір – Алматы облысы, 579,6 миллион теңге. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр