Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кетті
Фото: KFF.KZ
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Әлиев команда нәтижесі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді.
"Бұл жеңіліс — менің жауапкершілігім. Барлық кінәні өзіме аламын. Отставкаға өтініш жазып, келген соң федерация басшылығына жеткіземін", — деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бес матч өткізіп, үш ұпай жинады. Әли Әлиевтің жетекшілігінде команда Бельгияға, Уэльске (1:3, 0:1) және Солтүстік Македонияға (0:1) жол беріп, жалғыз жеңісін Лихтенштейнге қарсы ойында (2:0) тіркеді.
Еске салайық, бүгін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Белгиядан 6:0 есебімен ойсырай ұтылды.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді