Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік ойындарда тарихи жетістікке жетті
Фото: olympics.com
Қытайда өткен XII Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан спортшылары ел тарихында алғаш рет он медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыс барысында екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде иеленген қазақстандықтар өздерінің бұрынғы рекордын бірнеше есеге жаңартты. Бұған дейін ұлттық құраманың ең жоғары көрсеткіші төрт медаль болатын.
Дүбірлі додада алтын медальді джиу-джитсудан Жанибек Әбубәкір мен самбодан Ұлбосын Әділова жеңіп алды. Күміс жүлдеге WKF каратэде Мөлдір Жаңбырбай, джиу-джитсудан Нұрсұлтан Дүйсенқұлов, самбодан Маратбек Рахметоллин және ерлер құрамасы қол жеткізді.
Қола медальдар джиу-джитсуда Аслан Қанатбек пен Сейілхан Болатбекке, ал спорттық өрмелеуде Ришат Хайбуллинге бұйырды.
Айта кетейік, бұл нәтиже Қазақстан үшін Дүниежүзілік ойындардағы ең ірі жетістік болып саналады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

