Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Құрлықтық хоккей лигасының тарихына енді

Екатеринбургтің «Автомобилист» командасында ойын көрсеткен Қазақстанның хоккейден құрамасының шабуылшысы Найджел Доус Құрлықтық хоккей лигасыынң тарихына енді.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Құрлықтық хоккейі лигасының тарихына енді

Бұл тураоы Vesti.kz спорттық порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Доус сейсенбі күні Челябинсктің «Трактор» командасына қарсы ойын кезінде голымен көзге түсті. Оның жинаған ұпайы 400-інші болды. Осылайша, «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы ҚХЛ тарихында тұрақты чемпионаттарда 400 ұпай жинаған алтыншы хоккейші және екінші шетелдік атанды.

Бұған дейін Сергей Мозякин, Александр Радулов, Вадим Шипачев, Данис Зарипов және Мэтт Эллисон осындай жетістікке қол жеткізген.

Найджел Доус «Автомобилист» командасына өткен жылдың мамыр айында келді. Ол бұған дейінгі 7 жыл көлемінде астаналық «Барыс» клубының қатарында ойнаған еді. Хоккейші «Барыстың» құрамында ҚХЛ-да 415 ойынға қатысып, 376 (217+59) ұпай жинаған.

Канадалық хоккейші 2016 жылдан бері Қазақстанның атынан ойын көрсетті. Оның құрамында екі рет әлем чемпионатына қатысты. Доус 2017 жылғы әлем чемпионатында бірінші дивизионның А тобында үздік шабуылшы және мерген атанды.  Сонымен қатар турнирдің үздік шабуылшысы ретінде мойындалды. Алайда Доус келісімшарт жасалмағандықтан соңғы ӘЧ-ге қатысқан жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр