Қазақстан қандай ядролық реакторларға ие
Францияның Ядролық және радиациялық институты (IRSN) бұған дейін Еуропа аспанында радиоактивті бұлт пайда болғанын хабарлаған еді. Бұл ретте Ресей немесе Қазақстандағы ядролық нысандардың бірінде қыркүйек айының соңғы аптасында апат болған деп атап өтті.
ТЖ жөніндегі комитет және ҚР Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті радиоактивті заттың жайылуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды.
Қазақстан жерінде қандай ядролық реакторлар бар? Оны бірге еске алайық.
Реакторлардың бірі Алматы қаласындағы Қазақстан министрлігі ядролық физика институтында орналасқан. Зерттеуге арналған ВВР-К атом реакторы 1967 жылы пайдалануға берілген. Реактор базасында ядролық-физикалық және материалтану ірі зерттеу жұмыстары, реакторішілік сынақтар, медицина мен өнеркәсіп үшін радиоизотоптардың өндірілуі, нейтрондық-белсендіргіш талдау жүргізілген.
Мұнан бөлек екі реактор Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта орналасқан.
Бірінші реактор ИГР әлем бойынша ең ескі зерттеуге арналған реактор болып табылады. Оның тарихы КОКП ОК мен КСРО МК-нің 1958 жылғы қаулысынан бастау алады. Қаулы бойынша «…Қорғаныс министрлігінің №905 нысанында жоғары температуаралы гомогендік графитті реакторы бар тәжірибелік қондырғы тұрғызу» қаралған.
ИГР ректорының аз уақыт ішінде тұрғызылуы 1961 жылы импульсті реакторлар динамикасын зерттеуге қатысты тәжірибе жүргізуге мүмкіндік берді. Ал 1962 жылдан бастап перспективалық реакторлық қондырғылардағы отын және конструкциялық материалдардың өзгерісін зерттеу жұмысы басталды.
Ал екіншісі – ИВГ.1М тәжірибелік реакторы. Соңғы уақытта реакторда жүргізілген маңызды жұмыстар қатарына кіретін – реакторлық сәулелендіру жағдайында халықаралық термоядролық тәжірибелік реактордың конструкциялық материалдарының сутек және оның изотоптарымен өзара әрекеттесуін зерттеу.
Сонымен қатар бұған дейін Маңғыстаудағы атом-энергетикалық комбинат базасында әлемдегі тұңғыш БН-350 жылдам нейтрондар негізіндегі тәжірибелік-өндірістік реакторы іске қосылды. Ол 1972 жылы пайдалануға беріліп, Маңғыстау облысы тұрғындары мен өңірдегі өнеркәсіп мекемелерін электр жарығы, су және жылумен қамтамасыз еткен. 1999 жылы 25 жыл бойы ақаусыз жұмыс істеген реактордың жұмысы тоқтатылған.
Оқи отырыңыз:
Өлім аузында жатып сүйіктісіне ұсыныс жасаған британиялық жігіттің диагнозы қате болып шыққан
Ғарышкер Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп алды

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
