Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғарышкер Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп алды

Роскосмос ғарышкер-сынақшысы Сергей Рязанский Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп алды. ХҒС бортынан түсірілген суретті ғарышкер твиттердегі парақшасында жариялады.

Сурет: ғарышкердің жеке парақшасынан

«Менен көбі Арал теңізін суретке түсіріп алуымды өтінді. Жақында оңтайлы сәт туып, теңізді, дәлірек айтсам, одан қалғанын суретке түсіріп алдым… Арал теңізі тартылмай тұрғанда ауданы жағынан әлемде төртінші орында болатын», — деп жазды суреттің астына ғарышкер-сынақшы.

 

Айта кетсек, Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Оқи отырыңыз:

8 жасар бала қарандаштың кесірінен көз жұма жаздады

Полицейлер зейнеткерді өлтірмек болған мысықты ұстады

Махаббат құдіреті: Жыртқыш ұрғашы арыстанға ұнау үшін туристерге шабуыл жасады (видео)

Интернет сервис қыздарға қауіпті қонақүйлердің сайтына арнайы белгі қоймақ

Талқылау