Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернет сервис қыздарға қауіпті қонақүйлердің сайтына арнайы белгі қоймақ

Енді TripAdvisor сынды қосымшалар туристерді жайсыз қонақүйге орналасудан сақтандырмақ.

Бұл туралы Engadget басылымы жазды.

Интернет желісінде жаңа қызмет түрі пайда болды. Енді қонақүйлер жарнамасының тұсында немесе сайтында қаншалықты қауіпсіз екенін білдіретін арнайы белгі қойылмақ. Мұндай белгі үш ай ішіндегі тексеруден кейін қойылып шығатын болады.

Бірнеше жыл бұрын қонақүйде зорланған жәбірленушілер аталған қызмет түрінің өздерінің сайттарда жазған жағымсыз пікірлерін өшіріп тастайтынын айтқан. Яғни TripAdvisor қонақүй сайттарында зорланған қыздардың пікірлерін жойып отырған. Осы мәселеге байланысты үлкен дау туындаған болатын. Компания ұтымды шешім тауып, енді өздері осы қызметтерінің көмегімен қауіпті қонақүйлерге арнайы белгі қойып отырмақ.

Люкс қонақүйлерде орын алған зорлық-зомбылыққа байланысты дау-жанжалдар 2010 жылдан бері басталған. Қонақтар күзетшілер мен массаж жасаушылардың үстінен шағымданған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда мотоциклшілердің бензинін ұрлап ішіп келген маймыл ұсталды (видео)

9 жасар қыз ата-анасы ұйықтап жатқанда Disneyland саябағына билет сатып алған

Ер адам ауыр дерттен қайтыс болған сүйіктісіне жүрекжарды сағынышын жеткізді (фото)

Жас жігіт мазасыз қызынан құтылу үшін көлігін ит бейнесінде қаптап тастады

Талқылау