Ер адам ауыр дерттен қайтыс болған сүйіктісіне жүрекжарды сағынышын жеткізді (фото)

Жұма, 10 Қараша , 2017 12:19

31 жастағы Эмми Коутс қалқанша безінде қатерлі ісіктің бары анықталғаннан кейін бір жарым жыл ғана өмір сүрді. Ағылшындық арудың басты арманы – ана атану болған екен. Қайғылы күндердің жақындап қалғанын ескеріп Эмми Джейкке ресми түрде тұрмысқа шығып, бала туып беретін суррогат ана іздей бастайды.

Бұл туралы mirror.co.uk басылымы жазды.

Джейк пен Эмми бала күндерінен дос болған. Бұрынғы сыныптастар университетке түскеннен кейін қыз-жігіт болып жүре бастайды. Араға 10 жыл салып Джейк сүйіктісіне ұсыныс жасады. Оны ұсыныс жасауға мәжбүр болды десек те болады. Бір күні Эмми сүйіктісінен өзіне массаж жасап беруді сұрайды. Дәрігер мамандығын меңгерген Джейк сүйіктісінің мойын терісінің қалыңдағанын байқайды. Осыдан кейін ол Эммиді онколог маманға бағыттайды. Сол жерде әйелдің қалқанша безінде қатерлі ісік бар екені анықталады.

Джек пен Эмми Коутс кейінгісінің бойынан қалқанша безі қатерлі ісігінің бар екенін біле салысымен үйленген. Метастаздар омыртқа мен бүйрекке тарап кеткендіктен, әйелдің тірі қалу мүмкіндігі аз еді. Ауыр жағдайына қарамастан, Эмми қатты тұрмысқа шыққысы келді. Себебі, бұл көптен бері көкейінде жүрген арманы екен.

Тойдан кейін жастар бірден балалы болуды жөн көрді. Алайда химиотерапия кезінде Эммиге жүкті болуға тыйым салынған еді. Сол себепті, қос ғашық суррогат ананың көмегіне жүгінуді жөн деп шешті. Әйелдің бұрынғы сыныптасы Лиз суррогат ана болуға келісті.

Эмми мен Джейк өмір сүруге бейім тоғыз эмбрион жасады. Алайда олардың алғашқылары суррогат анаға сай келмеді. Эмми Лиздың екінші реттен жүкті болғанын естігеннен кейін көз жұмды. Әйел бір жарым жыл бойы ауыр дертпен күресіп келген болатын.

Эмми көз жұмғаннан кейін Лиздың жатырдан тыс жүкті болғаны анықталады. Кейін Джейк жалғызбасты әке атанудан қорықпай, тағы да бір рет суррогат анамен балалы болуды жөн көреді.

“Эмми суррогат ананың көмегімен балалы болатынымызға көзі жеткен соң, қатерлі дертімен күресуді доғарды. Тойдың алдындағы түні көз ілмедім. Бір күннен кейін сүйіктіме үйленетінім үшін ерекше бақытты едім. Өзімді шымшып алатын кездерім де болған. Қандай жағдай болса да, мен сүйіктіме шексіз ризамын. Бізден тамаша команда шықты. Бірақ, дәл қазір өзімді жоғалтып алған сияқтымын. Оның жоқ екенін білген кезде кеудем қатты ауырады. Оны әрдайым сағынамын. Ол менің батысым, шығысым, оңтүстігім, солтүстігім болды. Мен ол үшін жақсырақ болуға тырыстым. Сіздер маған сенбейтін шығарсыздар. Бірақ, өзімді шексіз бақытты сезінемін. Өмірді дәл бұлай бағалап көрмеген шығармын”, – дейді Джейк.

2016 жылы 26 маусымда Эмми мен Джейк 2 000 километрлік жолды велосипедпен жүріп өтеді. Қос ғашық Лондоннан Копенгагенге дейін жүріп өтіп, Руаяля Марсденге қайырымдылық ақша жинаған. Бүгінгі таңда Эмми мен Джейктың веб-сайты 142,309£ көлемінде ақша жинап үлгерген.

“Соңғы уақыттағы жаңалықтардың барлығы маған ауыр соққы болып тигенін жасырмаймын. Бірақ, мен өмірді қадірлеудің не екенін үйрендім”, – дейді Эмми соңғы жазбаларының бірінде.

Эмми 2017 жылдың 20 маусымында көз жұмды.


Жіберіп алмаңыз:

Жас жігіт мазасыз қызынан құтылу үшін көлігін ит бейнесінде қаптап тастады

Өлімге арналған ең үздік әуен анықталды

8 жасар бала ракпен ауыратын балаларға парик жасау үшін екі жыл шашын өсірді (фото)

Депутат ажырасуды азайту үшін салық өсіруді ұсынды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар