Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат ажырасуды азайту үшін салық өсіруді ұсынды

Сенат депутаты Әли Бектаев азаматтар ажырасқан кезде төлейтін баж салығын мейлінше арттыруды ұсынды.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі күні қоғамда отбасылық құндылықтар дағдарысының тереңдеп бара жатқаны жасырын емес. Осының салдарынан ажырасып жатқан жас отбасылардың саны көп, ал бұл өте қауіпті, деп хабарлайды Sputnik.

“Отбасын сақтап қалу мақсатында ажырасқан кезде төленетін баж салығын мейлінше арттыруды ұсынамын, сонда оның материалдық тұрғыдағы әсерін сезетін болады”, — деді Бекетаев үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатор отбасын қолдау және отбасылық құндылықтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ “Отбасы және неке” ғылыми-зерттеу институтын құрған да артық етпейді.

Баланың тәрбиесіндегі отбасының рөлін нығайту үшін депутат “Отбасылық өмірдің рухани негіздері” деген арнайы пән әзірлеп, оны мектеп бағдарламасына енгізген жөн деп есептейді.

Айтуынша, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту үшін әкімшілік кодекске қылмыс немесе теріс қылық жасаған балалардың ата-анасының жауапкершілігін енгізу қажет. Бұдан бөлек, ол АХАЖ бөлімдерінде психологиялық кеңес орталығын ашуды ұсынды.

Тағы да оқыңыз:

Еліміздің оңтүстігінен солтүстікке көшетіндерге тегін баспана беру ұсынылды

Қызық екен: “Нысана” актері Дәнекер киелі құсты білмей ұятқа қалды

Сарапшы: Бішкек Астанаға қарсы ақпараттық соғыс жариялады

Талқылау