Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлімге арналған ең үздік әуен анықталды

Vanishing Point шотландтық театр компаниясы мен Scottish Ensemble музыкалық ұжымы зерттеу жүргізіп өлер кезде тыңдауға лайық әнді таңдады.

Ақырында кеңестік кезеңдегі эстон композиторы Арво Пярттың туындыларын лайық деп тапты. Оның екі концерті таңдалды. Оркестр мен фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын туындылар скрипкада ойналады.

«Бұл музыканың шегі жоқ секілді. Дамылсыз ойнай беретіндей көрінеді», – деп түсіндірді Vanishing Point директоры Мэттью Лентон.

Оның айтуынша, бұл әуен өлім аузындағы адамға үміт сыйлайды. Өлімнен кейін өмір барына сендіреді.

Одан бөлек Филип Гласс, Ла Монте Янг және Иоганн Себастьян Бахтың туындылары тыңдалды. Зерттеу авторлары аталған композиторлардың да туындыларын лайықты деп атады.

Тағы да оқыңыз:

8 жасар бала ракпен ауыратын балаларға парик жасау үшін екі жыл шашын өсірді (фото)

Депутат ажырасуды азайту үшін салық өсіруді ұсынды

Сарапшы: Бішкек Астанаға қарсы ақпараттық соғыс жариялады

Талқылау