Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар қыз ата-анасы ұйықтап жатқанда Disneyland саябағына билет сатып алған

Британиялық қыз ата-анасына ескертпей Парижге билет сатып алған. Осыдан кейін ата-анасы күтпеген жерден пайда болған несиені қалай төлейтіндерін білмей жүр екен.

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

9 жасар британиялық қыз әке-шешесі ұйықтап жатқан кезде әкесінің несие картасын пайдаланып Парижге билет сатып алған. Ян Уилсон қызы Сьюзан бір мың фунт ақшасын құртып тастағаннан кейін өзін жайсыз сезініп жүргенін жасырмайды. Ал Сьюзан Эйфел мұнарасы мен Disneyland ойын-сауық саябағына баруды армандаған екен.

Әкесінің айтуынша, қыз өзінің ісі үшін қатты өкінген. Тіпті, қарыз ақшаны төлеу үшін қолында бар ақшасының барлығын беруге уәде еткен. Ол тек турға ғана емес, Bravofly әуе компаниясы арқылы ұшаққа билет сатып алған.

Шотында 1005 фунттың жоқ екенін Ян Уилсон тек бірнеше күннен кейін ғана байқаған. Компания артынша оқыс оқиғаның болғанын ескеріп, отбасына қарызды төлеуге көмектеспек болған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Ер адам ауыр дерттен қайтыс болған сүйіктісіне жүрекжарды сағынышын жеткізді (фото)

Жас жігіт мазасыз қызынан құтылу үшін көлігін ит бейнесінде қаптап тастады

Өлімге арналған ең үздік әуен анықталды

8 жасар бала ракпен ауыратын балаларға парик жасау үшін екі жыл шашын өсірді (фото)

Талқылау