Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан халқына" қоры бірінші балаға экзоскелет алып берді

16 жастағы Асылжан Сайлау алғашқы болып "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының "Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды экзоскелетпен қамтамасыз ету" қайырымдылық бағдарламасы аясында экзоскелет алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Асылжан отбасындағы бес баланың үлкені. Оған бір жасында церебральды сал ауруы диагнозы қойылды.

Қыздың анасы Меруерттің айтуынша, ол екі жыл бұрын қоғамдық жинақтардың көмегімен жоғары технологиялық оңалту жабдықтарын сатып алуға көмектесетін CyberFund қайырымдылық қоры туралы білген. Алайда ол қор арқылы құрылғы алуға ұзынсонар кезек болыпты.

Биылғы жылы "CyberFund" қайырымдылық қорының директоры Гүлзат Мырзағұлова отбасыға "Қазақстан халқына" қоры балаларды экзоскелетпен қамтамасыз ету үшін CyberFund-пен келісімге отырғанын, Асылжан да құрылғыны тегін алатын 13 баланың қатарында екенін айтқан.



Бұл құрылғы Асылжан үшін өте маңызды, себебі ол интерьер дизайнері болуға дайындалып жатқан колледж студенті.

“Қыз өз бетімен жүре алмайды. Жақында ол 17 жасқа толады, ал мемлекеттік тегін оңалту 15 жасқа дейін ғана қолжетімді. Экзоскелет оған күн сайын бұлшық еттерін, жамбас сүйектерін дамытуға мүмкіндік береді, оны өз қалпын сақтауға және дұрыс жүруге үйретеді”, – дейді Асылжанның анасы. 

Дәрігерлердің айтуынша, экзоскелет – бұл аурудың негізгі диагностикасы аясында басқа да асқынулардың пайда болуының алдын алуға көмектесетін тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалтудың заманауи, жоғары технологиялық құралдарының бірі.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры экзоскелеттерді беру бойынша қайырымдылық бағдарламасы тірек-қимыл аппараты бұзылған (ДЦП, ми жарақаттары, жұлын жарақаттары, параплегия, бұлшықет дистрофиясы бар) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы балаларға арналғанын атап өтті. Қор 9 миллион теңге тұратын экзоскелетті 13 балаға 117 миллион теңгеге алып береді. Құрылғыны қазақстандық компания шығарады. 2022 жылдың қазан айының соңына дейін құрылғыны тағы 3 балаға сынақтан өткізу жоспарлануда.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр