Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан гимнаст қыздары әлем чемпионатында финалға шыға алмады

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан әлем чемпионатында жекелей финалға шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан жарыстың іріктеу кезеңінде екі күн бойы спортшылар өз бағдарламаларын көрсетті. Қорытынды есеп бойынша үздік 18 гимнаст финалға жолдама алды. Қазақстандық спортшылар финалдық кезеңге өте алмады. Құрама сапында Айым Мейржанова 80,350 ұпаймен 25-орынға, Айбота Ертайқызы 77,750 ұпаймен 34-орынға ие болды.

Іріктеуде ең жоғары нәтижені Германия өкілі Дарья Варфоломеев көрсетті — 92,850 ұпай. Әлем чемпионы атанған спортшы обруч, доп, булава және лента бағдарламалары бойынша барлық жеке финалға өтті. Қазақстандық гимнасттар бұл жаттығуларда үздік сегіздікке жете алмады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 23 тамыз күні командалық көпсайысқа қатысады. Сонымен қатар жеке түрлер бойынша топтық финалдар өтеді. Әзірге осы уақытқа дейін еліміздің спортшылары көркем гимнастикадан әлем чемпионаттарында жүлделі орынға ие болған жоқ.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 22 Тамыз, 2025 16:53
Талқылау