Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бірқатар мемлекеттермен сотталған азаматтарды елге қайтару туралы келісімге отырды

Қазақстан бірқатар мемлекеттермен сотталған азаматтарды алмастыру туралы келісімге отырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында заңнама және сот-құқықтық комитетінің басшысы Светлана Бычкова мәлім етті. 

Қазақстан Республикасы мен Соғыстық Македония Республикасы, Болгария Республикасы және Корея Республикасы арасында жасалған келісімшарттар негізінде заң жобасы жасалатын болды. 

"Аталған келісім шар Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында 2019 жылдың 13 мамырыныда жасалған. Нәтижесінде екі жақ сотталушыларды жазалау үшін отанына қайтару мәселесін қарастырылды", - дейді Бычкова. 

Осылайша жалпы дауысқа салумен жоғарыда аталған үш мемлекетпен арадағы заң жобасы мақұлданды. 

"Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сотталғандарды еліне қайтару туралы келісім шарт 2019 жылдың 22 cәуірінде жасалды. Құжат бойынша Корея Республикасымен адам құқығын қорғау жөнінде келісім болды. Комитет заң жобасын мақұлдауға толыққанды дайын", - дейді Бычкова. 

Талқылау