Қазақстан бала тәрбиелеу мәселесі жөнінде рейтингте соңғы орынға шықты
Қазақстан «Бала тәрбиесі жөнінде ең жақсы елдер» рейтингісінде 73-орынға ие болды. Мұндай деректерді US News хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2020 жылғы «Балаларды тәрбиелеудегі үздік елдердің» рейтингі жаһандық сауалнамаға, сондай-ақ сегіз түрлі көрсеткіштер бойынша жиынтыққа негізделген: адам құқықтарын сақтау, отбасын құрметтеу, гендерлік теңдікке қол жеткізудегі қоршаған орта, бақыт деңгейі, табыс теңдігі, қауіпсіздік деңгейі, мемлекеттік білімнің дамуы және денсаулық сақтау жүйелері.
Рейтингтің үздік бес елі: Дания, Швеция, Норвегия, Канада және Нидерланды. 6-дан 10-ға дейінгі орындар: Финляндия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Австралия және Австрия.
Қазақстан бұл тізімдегі 73 елдің ішінде 73-орында. 2019 жылы Қазақстан рейтингте көрсетілген 80 елдің ішінде 74-орынға ие болғандығы атап өтілді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ