Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ауасы ластанған 20 елдің қатарына енді

Рейтингіге барлығы 100-ден астам ел қатысып, олардың ішінде Қазақстан таза ауа жағынан артта қалғандар қатарында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

 Швейцариялық IQAir бақылау тобы өз сайтында ұсыныған рейтингісінде ауасы ең ластанған елдердің қатарына Қазақстан кірді.

Компанияның 2021 жылғы есебінде Қазақстан әлемдегі ауаның ластануы бойынша 23-орында екендігі айтылған. 1-орында – Бангладеш, 2-орында – Чад, 3-орында – Пәкістан. Алғашқы ондыққа Тәжікстан, Үндістан, Оман, Қырғызстан, Бахрейн, Ирак және Непал кірді.

Сарапшылардың пікірінше таза ауа бойынша Жаңа Каледония аралы 1-орында, 2-орында – Виргин аралдары, 3-рында Пуэрто-Рико.
Айта кетейік, ең ластанған ауасы бар астаналар рейтингінде Нұр-Сұлтан 35-ші орында тұр. 1-орында – Нью-Дели (Үндістан), 2-орында – Дакка (Бангладеш), 3-орында – Нджамена (Чад).

Ресей – 80-орында, Мәскеу – 73-орында. Сарапшылар Азия мен Африка елдерінің барлығы бірдей толыққанды мониторинг деректерін бере алмағанын атап өтті. Рейтингте барлығы 117 мемлекет көрсетілген.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 27 Наурыз, 2022 09:38
Талқылау