Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан АЭС құрылысын жүргізуі мүмкін компаниялармен келіссөздерді бастады

Қазақстандағы АЭС құрылысын жүргізетін компаниялармен ресми келіссөздер басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы энергетика министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, келіссөздер бәсекелестік диалог рәсімі бойынша жүргізіледі, бұл серіктестіктің барлық аспектілерін – техникалық, экономикалық және құқықтық мәселелерге дейін талқылауға мүмкіндік береді. 


Қазақстандағы АЭС-тің құны құрылысы біткенше 50%-ға өседі – Вице премьер Роман Скляр


"Бұл формат халықаралық стандарттарға сәйкес және бізге Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін оңтайлы шешімді таңдауға мүмкіндік береді. АЭС құрылысы үшін жеткізуші немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім 2025 жылы қабылданады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум 6 қазан күні өтті. Соңғы нәтижелер референдумда 5 561 937 азамат немесе 71,12% АЭС салуды қолдап дауыс берді.

Еске салсақ, бұған дейін энергетика министрі елдегі АЭС құрылысына дайындық туралы айтқан еді. 

Талқылау