Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 16 елмен әуе қатынасын жандандырады

Қазақстан 27 қыркүйектен бастап карантинді жеңілдетеді. Сол себепті бірқатар мемлекетпен әуе қатынасын жандандырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

самолет

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында 16 елмен әуе қатынасын жандандыру және ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Олар: Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт және Әзербайжан.

Сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалы қолайлы және вакцинация деңгейі жоғары 30 мемлекетпен Қазақстанға кіру үшін визасыз режим қайта басталады. Олар: Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша, Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия.



Тоғжанов әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында вакцинация пунктерін ұйымдастыруды тапсырды.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер бірқатар тапсырма берді.

Талқылау