AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан-Қытай шекарасында 4 мыңнан астам жүк көлігі мен 8 мыңнан астам  вагон тұрып қалған

Қазақстан мен Қытай шекарасында 4 мыңнан астам жүк көлігі мен 8 мыңнан астам  вагон тұрып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

кытай шекара

Кәсіпкерлер шығынға баттық деп жан ұшыруда. Шығыстағы көршіміз   транзиттік шектеу енгізген. Елордалық кәсіпкер Самат Исабаев мұндай кедергіге 11 жылда  бірінші рет душар боғанын айтады. Кәсіпорын бас қаладағы дәріханаларды медициналық құрылдармен қамтамасыз етеді. Жоғары  сұранысқа ие тауардың елге кіргізілмей жатқаны шығынға батырды дейді. Айтуынша, оның бір жарым миллион доллардан астам қаражатқа алған тауары шекарадан бері өте алмай тұр.    

“Дәл қазіргі дағдарыс жағдайына біз бірінші рет тап болып отырмыз. Бұған дейін сата алмай қиналатынбыз, қазір сататын затымыз  жоқ. Ай сайын түсуі тиіс 130 миллион теңге табыстан қағылып отырмыз. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, тауар жақын күндері келмесе, қараша айында жұмыс орындарын қысқартуға тура келеді”, – дейді кәсіпкер Самат Исабаев.

Қытайдан келетін тауарлардың кешігуінен қазақстандық бизнес 170 миллиард теңгеге шығынға ұшыраған. Көлік иелері  8 млрд теңгеден айрылған.  Сондай-ақ импорттаушылардың айтуынша,  Қытайдың көлік және темір жол тарифтері пандемияға дейінгі  бағаға қарағанда 4 есе  өскен.

“Бұл жағдай біржақты болмай тұр, өйткені біз былтырдан бері шектеулердің себептері туралы ресми хат алған жоқпыз. Қазір көрші елмен логистика құру мүмкін болмай тұр. Бұл бизнесмендердің алаңдаушылығын тудыруда. Бүгін Қытай теміржолы жоспарға келіссе, ертең белгісіз себептермен жүкті қабылдаудан бас тартады. Бұл, экспортқа да, импортқа да қатысты”, – дейді “Атамекен” ҚР ҚКП логистика және тасымалдау депаратментінің басшысының орынбасары Дархан Мұратханов.

Қытай халық республикасы келісімшартта бекітілген міндеттерін атқарудан бас тартып отырған көрінеді. Екі ел арасындағы келіссөзде бұл мәселелер шешілгендей болғанмен, іс жүзінде қиындай түсуде.    

“Мұндай жағдайда Қытай тарапымен келіссөздерді көбірек жүргізіп, келіссөздердегі ұстанымдарымызды нығайту керек. Өйткені бұл жағдай соңғы жарты жылда бірінші рет болып тұрған жоқ. Ал жүк көлік тасымалы бір жылдан бері орнынан қозғалар емес”, – дейді ҚР сауда және интеграция жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Георгий Кравченко.

Экспорттаушылар мен ипорттаушылардан түскен өтініштерден кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл іске өзі араласқан. Содан кейін мәселе сәл шешілген. Бірақ әлі де сенімсіздік бар дейді мамандар. Себебі көрші ел кез келген сәтте сөзден тайқып шығуы әбден мүмкін.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр