AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақмыстан" – қоныс тойы: ерекше жағдайда бала тәрбиелеп отырған 35 отбасы баспаналы болды

Халықаралық балаларды қорғау күнінде "Қазақмыс" компаниялар тобының басшылығы ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға пәтерлердің кілттерін табыстады.  Сондай-ақ, ата-аналары өндірісте  опат болған балалар ыстық ықыласқа бөленіп,  сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Компанияның Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы қызметкерлері  пәтерлердің  иегерлері атанды. Бұл жолы комиссиялық шешіммен іріктелген 35 мұқтаж отбасы 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлерге қол жеткізді. Олардың ішінде екі немесе одан да көп ерекше балалары бар үш отбасы, көп балалы отбасылар және аналары балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған жеті толық емес отбасы бар.

“Бірінші кезекте Компания басшылығының атынан балаларды осы тамаша мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бүгін біз мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған "Қазақмыс" Тобы компанияларының қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстауға  жиналып отырмыз. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар қажет екенін ескере отырып, компания басшылығы ағымдағы жылдың басында шешім қабылдап, тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған 35 пәтер сатып алуға 1 млрд.теңге бөлді. 

Басқа отбасылар да көмекке мұқтаж екенін назарға ала отырып, басшылық ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 50 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады”,  –  деп атап өтті "Қазақмыс Корпорациясы"  ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин салтанатты рәсімде.

Әлеуметтік бағдарланған компания бола отырып, "Қазақмыс" қызметкерлердің әлеуметтік осал санаттарына, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге белсенді көмек көрсетеді.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасына сәйкес 2019-2022 жылдар  аралығында "Қазақмыс"  Тобы компанияларының қызметкерлерінің көп балалы отбасылары орналасқан қалалардағы 4 бөлмелі жайлы пәтерлер 186 қызметкерге өтеусіз берілді. Осы кезеңде 900-ден астам бала баспанаға ие болды.

2020 жылдан бастап "Қазақмыс" компаниясында табысы аз қызметкерлерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Көмек негізгі азық-түлік себетін сатып алуға 75 000 теңге мөлшерінде тоқсан сайынғы қаржылық қолдаудан, сондай-ақ, жаңа оқу жылына балаларды дайындау үшін "Білім күніне"  56 500 теңге мөлшерінде біржолғы көмектен тұрады. Көмек алушылар саны шамамен 1 100 қызметкерді құрайды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 маусымында Жезқазған медициналық орталығының базасында "Балаларды оңалту орталығы"  ашылды, онда "Қазақмыс" жұмысшыларының ғана емес, сонымен қатар,  өзге де мүмкіндігі шектеулі балалары компания есебінен оңалту курстарынан өтеді. Осы кезеңде 390-нан астам бала оңалтудан өтті. 2021 жылы Қарағанды қаласында Балаларды қорғау күніне орайластырылған Даун синдромы бар балаларға арналған "Солнечные дети" орталығы ашылды және бүгінгі күні ол табысты жұмыс істеуде.

"Балаларды қорғау күні"  мерекесімен бүлдіршіндерді құттықтап, мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және бейбіт аспан тілеймін!”, – деген Андрей Гайдин пәтер кілттерін кілттерін табыс етті.

4 бөлмелі пәтердің бақытты иелерінің бірі  "Қазақмыс Корпорациясы"  ЖШС Қарағанды шахтақұрылыс басқармасының үңгілеушісі Азамат Бахайдың отбасы болды.  Ол көптен бері  тұрғын үйге қол жеткізе алмай келді. Отбасында бес бала тәрбиеленуде, олардың біреуінің  ерекше қажеттіліктері бар.

“Шынымды айтсам, бізге пәтер беріледі деп күткен жоқпыз. Бізге қоңырау шалып, бұл жаңалықты хабарлағаннан кейін мен түні бойы ұйықтамадым. Бұрын біз пәтер жалдап, жалдамалы пәтерлерді жиі ауыстыратынбыз, ал балалар мектепті ауыстыратын.  Бұл жағдайлар бізге  өте қиын болды. Енді біз балаларға мектеп пен секцияларды анықтап алуымыз керек”,  –  дейді Азаматтың жұбайы.

"Қазақмыс" еңбеккерлері компания басшылығына армандарын орындағаны, үнемі қаржылық және басқа да қолдаулары үшін жылы лебіздерін білдірді.

Айта кету керек, бүгін Балқаш және Жезқазған қалаларында "ҚазақмысСмэлтинг"  ЖШС ұйымдастырған анимациялық шоу, музыкалық бағдарламалармен мерекелік концерттер өтті.  

Балқашта, қала жағалауында мереке куәгерлеріне  қала әкімі Ораз Тауырбеков пен "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС корпоративтік басқару жөніндегі директор Мұрагер Шаяхметов құттықтады.

“Балалар әрқашан шынайылық пен әділдіктің, барлық жақсылыққа және жарқын болашаққа деген сенімнің көрінісі болды. Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан біз, ересектер, бейбітшілік пен амандықта өсіп-өну үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек деп санаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Сондықтан, қымбатты достар, биылғы жыл сіздердікі!”, – деп құттықтауын жеткізді Мұрагер Шаяхметов.

Жезқазғанда да қызықты мерекелік бағдарлама өтті.

“Мен үшін халықаралық балаларды қорғау күні – оқу жылы аяқталып, демалыстар басталған ең жарқын мерекелердің бірі. Бұл жыл ерекше жыл. Қазақстан Президенті биылғы жылды Балалар жылы деп жариялады. "Қазақмыс" Тобының атынан Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді "Қазақмыс" ЖШС ұйымдық даму жөніндегі директоры Бексұлтан Бекмұратов.

Сондай-ақ, Жезқазған қаласы әкімдігімен бірлесіп 160 балаға тәтті жиынтықтар таратылды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр