"Қазақмыста" бір айдағы төртінші өлім: Шахтада екі кенші қаза тапты
Бүгін Жамбыл облысындағы “Қазақмыс” компаниясына тиесілі Жайсан кенішінде апат болып, салдарынан екі жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: rawpixel
"Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы тау-кен тресінің 1981 және 2002 жылы туған кеншілері қаза тапты", – делінген ресми хабарламада.
Қазір апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін 24 қазан күні Кен үйіндісіне құлап кеткен алты қызметкер Жезқазған қаласының медициналық орталығына жатқызылғаны және 5 қараша күні "Қазақмыс" компаниясының Шығыс Жезқазған кенішіндегі №57 шахтасында жазатайым оқиға болып, 39 жастағы қызметкері қаза тапқаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ