"Қазақфильм" Қазақ хандығы сериалының екінші маусымының түсіріліміне кірісті
Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша “Centaurus Rustem Abdrashev production” компаниясымен біріге отырып, “Қазақ хандығы. Алтын тақ” деген жұмыс атауымен тарихи сериалдың екінші маусымының түсіріліміне кірісті. Бұл туралы кинокомпанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
Режиссердің сөзінше, сериалдың бірінші маусымы көптеген қазақстандықтар тарапынан үлкен қызығушылық тудырған.
“Көптеген талқылау мен даулы мәселелер болғанына қарамастан, халық бұл сериалға жылы лебіздерін білдірді. Тіпті интернет пен әлеуметтік желі арқылы алғысын айтқандар да бар. Бұл сериал адамдарды қызықтырғанын және жалғасын күтетіндері байқалады. Аталған жобаның идеясы мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” жолдауымен астасып тұр”, – дейді режиссер Рүстем Әбдірашов.
Тарихи сериалдың екінші маусымының сценарийіне де бірінші бөлімге үлес қосқан авторлар атсалысады.
“Бірінші маусым Керей ханның тақты иеленуімен аяқталған, екіншісінде қазақ мемлекеттілігінің қалай қалыптасқаны көрсетіледі. Маусым қазақтың келесі ханы Жәнібектің билікке келуімен қорытындылануы тиіс”, – дейді режиссер.
Жіберіп алмаңыз:
Кенжебек: Әйелім желіде танымал боп кетсе, отбасым бұзыла ма деп қорқамын (фото, видео)
Гүлзира Айдарбекова “Арман” фильмінің жалғасын түсірмек
“Айырылыстық” деген Дәурен мен Ақбота бірге той басқарып жүр (видео)
Әріптестері татуласқан Нұрлан мен Мұқасан үшін ерекше қуанды (видео)

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
