Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілінің мүддесін қорғайтын белсендіні психиатриялық ауруханаға күштеп жатқызған

24 қаңтарда белгілі қазақстандық филолог, азаматтық белсенді Руза Бейсенбайтегін Павлодарда банк ғимаратынан шығып бара жатқан жерінен полиция қызметкерлері дөрекі түрде ұстап әкеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Руза Бейсенбайтегі

Әлеуметтік желіде тараған хабарламаға сәйкес, Руза Бейсенбайтегі психиатриялық ауруханаға жеткізіліп, оған зорлық-зомбылық әдістері мен психотроптық препараттар қолданылған. Оған Павлодар қаласының тұрғыны қарсы арыз жазғаны белгілі болды.

Руза Бейсенбайтегі қазақ тілін, мемлекеттік тілді қолдау мен дамытудағы белсенді ұстанымын көптен бері білдіріп келеді. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, белсенді өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдардың мемлекеттік тілде сөйлеуін талап еткен.

"Белсенді Жүнісовке тиіскендіктен, ол 102-ге хабарласып, көмек сұраған. Арызданушы Жүнісов жедел жәрдем бригадасын да шақырыпты. Өтініш түскен соң оқиға орнына полиция қызметкерлері келді", – дейді департамент өкілдері.

ІІМ-нің хабарлауынша, Бейсенбайтегіге алдын ала сандырақтау синдромы диагнозы қойылып, ол Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансеріне жатқызылды. Алайда тексерілген соң диспансерден шығарылды.

2018 жылы Бейсенбайтегі жолаушылар қазақша сөйлемесе, автобустың астына түсемін деп қорқытқан. 2021 жылы ол аурухананың орыс тіліндегі барлық жарнамасын жыртып тастады.

Талқылау