Қазақ тіліне деген құрметті сөзбен емес, іспен көрсеткен кім?
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін жасалып жатқан жұмыс көп. Алайда олардың бәрі дерлік сөз жүзінде қалып, іс жүзінде орындалып жатқан жоқ. Инстаграм, Фейсбук, ТикТок секілді әлеуметтік желіде отыратын жастардың тілге деген құрметін қалай оятамыз? Бұл жолда қандай жұмыс істеп жатырмыз?
Әлеуметтік желіде отыратын жастардың күнделікті смартфонды пайдаланатынын, олардың хат алмасып, бір-біріне мессенджер арқылы сөйлесетінін білеміз. Алайда қазақ тілінде олардың қате жазатынын да көреміз. Бұл тілдің дамуына кері әсер етеді. Не істеу керек?
Дәл осы мәселені шешу үшін Форте банк халыққа, жастарға арналған "Fortekey" пернетақтасын жасап шықты әрі қолданысқа енгізді.
Аталған пернетақта банк қызметтерін орындаудан бұрын, негізгі бағытты қазақ тіліне бұрған. Пернетақтада үш тіл бар: қазақ, ағылшын және орыс тілі. Қазақтың төл әріптерін пайдаланып, енді қатесіз жазуға болады.
Пернетақтаға T9 функциясы қосылған. Осы арқылы қазақ тілінде жазу кезінде қате кетсе, сізге автоматты түрде түзеп беруге тырысады. Енді "жаксы", "тусиндим" дейтін сөздерді "жақсы", "түсіндім" деген төл әріптермен жаза аласыз.
Қазақ тілі жаппай халық арасында даму үшін ғылым мен бизнес тілі қазақша болуы керек. Форте банк ұсынған пернетақта алғашқы бастамалардың бірі болып отыр. Бұл дегеніміз алдағы уақытта жастардың қазақ тілінде сауатты жазуына, қарым-қатынас орнатуына тікелей әсерін тигізеді деген сөз.
Пернетақтаны орнатып алу үшін "Forte" мобильді қосымшасын жүктеп алып, баптау бөлімінен орнатуға болады. Бұл пернетақта әр қолданушының смартфонында болса, «қазақша жаза алмаймын, менде қазақ әріптері жоқ» деген сылтауды айтпас еді.
Форте банктің халыққа бір табан жақындап, жалпыға керек осындай ұлттық деңгейдегі жобаны жасап жатқаны, тілге деген құрметті сөзбен емес, іспен дәлелдегені.
Жарнамалық материал.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
