Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі сіз елемей жүрген қателіктер

Күнделікті тілдік қолданыста өзіміз де аңғармай жіберетін қателер баршылық. Осыған дейін біршама қателерді жаздық. Бүгін де ең жиі жіберілетін қателерді назарларыңызға ұсынбақпыз. 

1. «Ауыс-түйіс» пе, «ауыс-күйіс» пе?

«Ауыс-күйіс» деген әдеби тілде қолданыс жоқ, бұл жерде бекітілген қолданыс – «ауыс-түйіс». Оның мағынасы билікте, кадрдағы орын алмастырулар.

2. «Бедеу еркек» пе, «белсіз еркек» пе?

Қазіргі таңда газет-журнал беттерінде «бедеу еркек» деген тіркес өріп жүр. Бұл сөзді тек әйелдерге қатысты ғана қолданған абзал. Ер адамдарға бедеу сөзі емес, белсіз сөзі қолданылады. Тіпті, бұл сөз медицинада да бекітілген.

3. «Жоғары оқу орны» әлде «Жоғарғы оқу орны» 

Соңғы уақытта осы секілді тіркестер жиілеп кетті. Бұл жерде дұрысы - «Жоғары оқу орны». Мұның себебін ғалым А. Фазылжанқызы былай түсіндіреді:  «Жоғарғы» дегенде, ол анықтауыштық-анықтағыштық мағына күшейтіп, «-ғы» деген қосымша күшейтіп тұр.

«Жоғарғы сөре» болуы мүмкін, «жоғарғы жақ» болуы мүмкін, «жоғарғы сот» болуы мүмкін. Ал оқу орны «жоғары» сөзімен тіркесіп қолданылуы керек. Осыған келген кезде мынау «-ғы, -гі, -қы, -кі» деген бізде функционалдық жұрнақ дейміз тілдік танымда. Осы жұрнақтармен қолданған сөздермен, мысалы, «төмен-төменгі», «жоғары-жоғарғы», міне, осыдан барып ажыратуға болады».                                                                                                                                                 

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Желтоқсан, 2020 14:59
Талқылау