Қазақ қызы Сингапур құрамасының бас бапкері атанды
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Сингапур ұлттық құрамасына бас бапкер қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа қызметіндегі алғашқы жарысы ретінде ол 24–30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында өткен таеквондодан әлем чемпионатында Сингапур командасын бастап шықты.
Бұл – спортшының жеке мансабын аяқтағаннан кейінгі алғашқы бапкерлік тәжірибесі.
Жансель Дениз Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында дүниеге келген. Балалық шағында отбасымен бірге Түркияға қоныс аударып, сол елдің азаматтығын алған. Кейіннен Қазақстанға оралып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. Ол халықаралық ареналарда +67 кг (OR) және –73 кг (WR) салмақ дәрежелерінде ел намысын қорғады.
Қазақстан құрамасындағы басты жетістіктері:
• 2017 жылғы Универсиада финалисі
• 2018 жылғы Азия ойындарының финалисі
• 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының финалисі
• 2022 жылғы клубтық Азия чемпионатының финалисі
• 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері
• World Taekwondo аясындағы халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері
• 2016 жылғы Рио-де-Жанейро және 2021 жылғы Токио Олимпиадаларының қатысушысы
Жансель Дениз — халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Тарихи отанына оралған соң ол Атырау облысы атынан жарыстарға қатысқан.
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді

