Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайраттың” жұлдызды ойыншысы “Интерге” қарсы ойында алаңға шықпайды

Фото:”Қайрат” фк

“Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының 4-турында Интерге қарсы матч алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиын барысында клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бас бапкердің айтуынша Александр Мартынович жарақат алып, Миланға қарсы ойында алаңға шықпайды. Оның орнына Александр Широбоков шығады.

“Бізде чемпионат аяқталды. Команда өзінің үздік екенін тағы да дәлелдеді. Клуб ойыншылары тойлап та, матчтардан демалып та үлгеріп жатты. Александр Мартыновичке келсек, ол Астанаға қарсы кездесуде жарақат алып қалды. Оның орнына ертең алаңға Александр Широбоков шығады. Мен оған мүмкіндік беріп көрмекшімін. Қалғанын ертең көре жатармыз. Бір түн ішінде футболшыларымызға ештеңе болмайды деп үміттемін. Жалпы алғанда, барлығының ойынға дайындығы жақсы. Бұндай кездесулерде әркім өзін көрсеткісі келеді”, - Уразбахтин. 

Чемпиондар лигасының 4-турында  “Қайрат” “Интерге” қарсы матч өткізеді. Қос команда арасындағы ойын 5-нен 6 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де Миландағы Джузеппе Меацца стадионында өтеді. Айта кетейік, “Қайрат” клубы Чемпиондар лигасында үш ойын өткізіп, бір ғана ұпайға ие болды. Бұған дейін команда "Спортингке" (1:4) және "Реалға" (0:5) жол беріп, "Пафоспен" (0:0) тең түскен еді.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 23:58
Талқылау