Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың өзі таңғалды": Гүлзира Айдарбекова алғаш рет KN өнер мектебінің барын айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың өнер мектебінің жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер иесінің айтуынша, Атырау қаласында өнер мектебі өз жұмысын бастаған. 

“Атырау қаласында KN мектебі оқушылары және KN-нің өзінің әдемі кешінен. Қандай көз тоярлық кеш өтті, артынан қаншама Қайрат ағаларының жолын қуып, сахнада керемет өнер көрсетіп, елді елең еткізді. Қайрат ағаларының өзі аң-таң. Осылай бар өнерін үйретіп отырған KN мектебі мұғалімдеріне мың алғыс. Балаларын сахна төрінен де жетістігін де көргісі келіп, үміт артып отырған қаншама ата-аналар, Алла ниеттеріңізді қабыл етіп, көрер жақсылықтарыңыз көп болсын! Сіздердің қандай сезімде болғандарыңызды жүрегім алыстан-ақ сезінуде. Себебі маған таныс жайт, сіздер тұрмақ, сіздердің балапандарыңыз үшін видеолар арқылы көріп, мен қуанып отырмын. Алла бәріңізге бақ берсін! Менен де асқан бақытты ана болыңыздар!”, – деп жазды продюсер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бұрын-соңды Қайрат Нұртастың өнер мектебі барын білмегендерін жарыса жазып жатыр. 

“Қарақаттың мектебі барын білуші едік, Қайраттікін бірінші рет естіп отырмын”, “Гүлзира ұлын мақтаудан жалықпады”, “Мектеп ашып, өнерлі шәкірт тәрбиелеп жатқаны қуантады, бірақ әншінің өзі де мәдениетті болуы керек”, “Қайраттың домбыра тартатынын білмеппіз”, “Өте еңбекқор әнші”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, ұшақта төбелес шығарып 15 күнге қамалған әнші 18 тойдан қалғанын жазған едік. 

Талқылау