Қайраттың негізгі қақпашысы Заруцкийдің қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото Кайрат ФК
Алматылық “Қайрат” футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий сырт алаңда Селтикке қарсы ойында ауыр жарақат алып қалған еді. Осыдан кейін оның орнына Темірлан Анарбеков шаршы алаңға шықты. Бірақ ішкі чемпионатта Ақтөбеге қарсы ойында Анарбековта жарақат алғандықтан орнына 18 жастағы Шерхан Қалмұрза шықты.
Қазір таңда Заруцкийдің денсаулығы мен қашан шаршы алаңға шығатына қатысты “Қайраттың” бас бапкері пікір білдірді.
“Заруцкий жәймендеп жаттығуларға кірісті. Әзірге оның қашан қатарға қосылатыны жайында дөп басып айта алмаймын. Оның жарақат алған аяғының жүктемелерге қалай шыдап бергенін бақылауымыз керек. Бұған дейін залда жаттығып жүрген Александр бүгінде доппен жұмыс жасауда. Алдағы үзіліс кезінде Заруцкий қайта қалыпқа келіп алуы тиіс. Жаттығуын жалғастыра берсе, барлығы жақсы болады деген үміттеміз”, – деді Рафаэль Оразбахтин.
Айта кетейік, “Қайраттың” іріктеу кезеңінде сүрінбей өтуіне мол септігін тигізген осы – Александр Заруцкий. Жанкүйерлер арасында Александр Заруцкийдің еңбегі таса да қалып қойғаны жайлы әртүрлі пікір таралып жатыр. Сол себепті бұл қақпашының шаршы алаңға оралуын футбол сүйер қауым асыға күтуде. Енді Заруцкий қараша айында “Интерге” қарсы ойында алаңға оралуы әбден мүмкін.
Талқылау

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар

"15 түрлісін іштім": Қазақстандық әйел нутрициологтың берген БАД-ынан кейін өлім аузынан қалған
Тоғжан: "85 мың теңгеге анализ тапсырдым"