"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы белгілі болды
Фото: fckairat.com
Алматылық "Қайрат" клубының Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе қорытындысы бойынша, егер қазақстандық команда үшінші іріктеу кезеңінде Братиславаның "Слован" клубынан басым түссе, келесі айналымда Шотландияның атақты "Селтик" ұжымымен жолы түйісуі ықтимал.
Егер қазақстандық клуб үшінші айналымнан өтсе, плей-офф кезеңіндегі ойындар 19/20 және 26/27 тамыз күндерінің біріне жоспарланады.
Айта кетейік, "Қайрат" алғашқы іріктеу кезеңінде Словениялық "Олимпияны" қос матчтың нәтижесі бойынша 3:1 есебімен жеңіп, екінші айналымда Финляндияның КуПС клубын 3:2 есебімен жолдан ығыстырған еді.
Ал "Слованмен" алғашқы кездесу 6 тамызда Алматыда өтеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

