Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Шәріпбаевтың орнына "ҚазТрансГазға" жаңа басшы тағайындалды

Ибулла Серді "КазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешімімен компанияның басқарма құрамына  мындай өзгертулер енгізілді:

- басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев шығарылды;

- басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды.

Қайрат Шәріпбаев қаңтардың ортасында "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

58 жастағы Қайрат Шәріпбаевтың аты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның есімімен жиі қатар аталады. Ол "QazaqGaz" ("ҚазТрансГаз") компаниясын 2020 жылдың қарашасынан бастап басқарды. Оған дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі орынбасары болған.  

Талқылау