"Қайрат" "Селтикті" жеңді: 1XBET жанкүйерлермен бірге тойлауда
Орталық стадион бұрын-соңды болмағандай дүркіретіп, тарихта тұңғыш рет біздің шаңырағымызда Чемпиондар Лигасының әнұраны шырқалды! Лық толған "Орталық стадионда" 23 мың адам бала күнгі армандары – Алматыдағы Чемпиондар Лигасын көруге келген.
"Қайрат" алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытып, әйгілі қарсыласына өз ойынын таңды. "Селтикке" қателесіп, алматылықтарға гол соғуға мүмкіндік беру ғана қалғандай еді, бірақ шотландтар қорғаныста мықты болды. Дастан Сатпаевтың жоқтығы қатты сезілді – шешуші соққы жетіспеді. Трибунадағы әңгімелер толастамады: "Эх, Дастан болғанда ғой, қақпаны дәл табар еді!" деген сөздер қайта-қайта айтылды.
Дегенмен "Қайраттың" қорғаушылары мен жартылай қорғаушылары шабытпен ойнап, жанкүйерлердің қолдауымен стадионның қабырғасын теңселтті. Ал төреші "Селтиктің" қолдаушысы секілді көрінді – Шмейхель қақпасына берілетін пенальти белгіленбей, қолмен ойнауды елемей кетті.
"Селтик" негізгі уақытта бәрін шешуге жақындады – бір-біріне қарсы шыққан сәт! Бірақ сәттілік біздің жағымызда болды: доп қақпадан тыс кетті. "Қайрат" ойыннан түскен жоқ. Шешуші жарты сағат та келіп жетті.
Қосымша уақыт. Шаршаған аяқтар әрең қозғалғанымен, "Қайрат" жанқиярлықпен шыдады. Ойын соңына қарай алматылықтар әлсірегенімен, "Селтик" тек статистика жинаумен шектеліп, мүмкіндіктерін толық пайдаланбады.
Ал шешуші сәт – матчтан кейінгі пенальтилер сериясы. Орталық стадион тына қалды. Алматыға өз қаһарманы қажет еді – ол табылды. Қақпашы Темірлан Анарбеков үш соққыны қайтарып, аңызға айналды.
Алматылық "Қайрат" тарих жазды – "Селтик" жеңілді, енді біз Чемпиондар Лигасындамыз! Иә, бұл негізгі уақытта емес, бірақ сезімге селкеу түсіре ме? Әсте жоқ. Бұл жеңіс – бүкіл қала үшін жаңа тыныс, қазақ футболының барын дәлелдеген сәт.
Сондықтан да 1XBET компаниясы нағыз жанкүйерше қадам жасады: негізгі уақытта "Қайраттың" жеңісіне ұтыс тіккендердің барлығына қаражатын қайтарады.
1XBET сенеді: нағыз жанкүйер ұтыс тігу ережесімен емес, жүрегімен қолдайды. Егер "Қайрат" жеңісті жұлып алса – демек, барлығы жеңді: алаңдағы команда да, трибунадағы және экран алдындағы жанкүйерлер де. Спорттық эмоциялардың демеушісі 1XBET команданы қолдағандардың бәрін қуантуды ұйғарды:
"Біз "Қайратпен" 5 жылдан бері біргеміз. Біздің команда Қазақстанға нағыз триллер сыйлап, драмалық пенальти сериясын көрсетті. Бірақ біз сенімдіміз – олар жеңіске негізгі уақытта да лайықты еді! Сондықтан да бастапқыдан сенген баршаңызға құрмет көрсетіп, қаражатты аккаунттарыңызға қайтарамыз. Әрқашан "Қайратпен" бірге болыңыздар!", – дейді 1XBET Қазақстан компаниясы.
"Қайраттың" негізгі уақытта жеңісіне жасалған барлық ұтыстар қайтарылады. Ақша тікелей теңгерімге түседі. "Қайрат" ФК мен 1XBET әрқашан жанкүйерлердің жанында.

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
