"Қайрат" өз алаңында "Олимпияны" жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында Словения чемпионы "Олимпияны" 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойын 15 шілде күні Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Кездесудің алғашқы минутынан-ақ "Қайрат" ойын тізгінін өз қолына алды. 5-минутта Жоржиньо есеп ашып, командаға сенімді бастама сыйлады. Ал 31-минутта Александр Мрынский есепті 2:0-ге жеткізді. Қалған уақытта қазақстандық команда қорғаныста сауатты ойнап, басымдығын сақтап қалды.
Айта кетейік, алғашқы матч Словенияда 1:1 есебімен аяқталған еді.
Қос ойын қорытындысы бойынша "Қайрат" екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Ендігі қарсыласы — КуПС (Финляндия) пен "Милсами" (Молдова) арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

