Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас өнер мектебінің бас ұстазымын: Әнші Лара Рысбай деген кім

Жас әнші, ерекше әндерімен танылып келе жатқан жас талант Лара Рысбай өзі жайлы ашық айтты. Жасы мен туған жері, білім алған жерін айтты. Ал, ғаламтор желісінде Лара жайлы мағлұмат жоқ.

"Мен өте қуаныштымын! Алдағы уақытта біз сіздермен бір отбасыдай болып, бір-бірімізге тілекші, жанашыр болып жақын достарға айналамыз деп ойлаймын. Себебі осы уақытқа дейін қаншама жылдар бойы 15.000 оқырмандарым, ең адал жанашырларым менің өмірімнің әр күнімен, арманыма алып барар еңбегімнің, өмірімде болып жатқан әрбір жеткен жетістіктерімнің куәсі болды.

Ендеше танысайық, есімім Лара. Қалай қазақта мұндай ат дейтін шығарсыздар,иә бұл менің сахнадағы ЛАҚАП АТЫМ. Жасым 25-те.. Осы уақытқа дейін жасымды, жылымды айтуға ұялатынмын сыр болып қалсын деп. Қазір сіздермен барынша ашық танысайын деп отырмын. Жас әншімін. Арманым елдің жүрегіне жететін әндер жазып, ел бағалайтын, сыйлайтын ерекше әншісі атану!", деп жазды әнші.

Лара Рысбай өзінің туып-өкен, білім алған жерін жазды. Бұл мәліметтер оқырмандары үшін таңсық еді.

"1994 жылы 22 қазанда Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылында дүниеге келдім. Бала күнімнен өнерімді байқаған ата-анам деп кітаптағыдай жазсаң.  9-сыныптан соң коллежге оқуға түстім.

- 2009-2013 ж П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, академиялық вокал мамандығы бойынша

- 2013-2017 ж Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, эстрадалық вокал мамандығы бойынша

- 2016-2017 ж әнші, актриса Сиви Махмудидің продюсерлік орталығында алғаш жеке шығармашылығыммен жұмыс жасадық

- 2017-2018 ж жеке шығармашылығыммен қатар, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде вокал мұғалімі

- 2019 жылдан бастап Қайрат Нұртас өнер мектебінді бас ұстаз ретінде жұмыс атқарып келемін.

Жеке шығармашылығымдағы тарихпен жақын уақыттарда бөлісетін боламын!

Постты толық оқығаныңыз үшін рақмет! Біз сіздермен әлі қызықты көп тақырыптарды сөйлесетін боламыз", - деп жазды ол.

Талқылау