Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” екі бірдей футболшысымен қош айтысты

Қайратпен қош айтыстыФото:Stan.kz collage

Алматылық “Қайрат” футбол клубы екі бірдей қорғаушысымен қош айтысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олар 30 жастағы қорғаушы Егор Сорокин мен Валерий Громыка. Қос футболшының да алматылық клубпен келісімшарты аяқталған.

Егор 2024 жылғы жазда "Кайратқа" қосылып, команда қорғанысының маңызды бөлігіне айналды. Сары-қаралар сапында ол екі рет Қазақстан чемпионатын  және Суперкубокты жеңіп алды.

Айта кетейік, Егор Сорокин "Селтикке"  қарсы ойында айып добын сәтті орындап, команданы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығарды.

Сондай-ақ Сорокин "Кайратта" бір жарым жыл ішінде 54 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.


“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады: Алматылық клуб “Арсеналға” 3:2 есебімен жеңілді


Ал Громыка "Қайсардан" "Кайратқа" ауысып, команданың Қазақстан чемпионатында жеңіске жетуіне үлес қосты.

Жаңа маусымда Громыко Қазақстан Суперкубогында "Ақтөбеге" қарсы матчта гол соғып, нәтижелі пас берген.

"Кайратта" бір жарым жыл ішінде Валерий Громыко 57 матч өткізіп, 7 гол соқса 15 нәтижелі ассист жасаған.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026 21:14