Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімінің не себепті күшін жойғаны белгілі болды

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімінің не себепті күші жойылғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ресей газын сатып алуды жымқыру ісі бойынша кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен тағы екі айыпталушыға – Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа қатысты бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін бұзды.

"Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың қаулысымен апелляциялық тәртіпте қаралады. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын”, – делінген сот алқасының қаулысында.

Үкімнің күшін жоюдағы басты себеп – Ресей тарапынан "Қазтрансгаз" АҚ-ға газды қандай бағаға сатып алғанын көрсететін дәлелді құжаттың болмауында.

"Қазтрансгаз" АҚ "Азиягаз Чунджа" ЖШС-нен мың текше метр газды 167,32 доллардан 176,98 доллар аралығындағы бағаға сатып алған. Айыптаушы тарап "Қазтрансгаз" газды "Азиягаз Чунджа" компаниясы арқылы емес, тікелей ресейлік серіктесінен сатып алуы мүмкін екенін алға тартты.

Сот аяқталуға жақын қалғанда, прокурор жаңа айыптау актісін жасады, онда бұрын айтылмаған қосымша тармақпен қазақстандық және ресейлік тараптардың келісімі туралы ақпарат пайда болды. 

Судья Аусулу Сламбекова төрағалық еткен алқа сот үкім заңға қайшы шығарылды, ал соттың Боранбаевқа қатысты үкімі болжамдарға негізделген деп тапты. 

"Үкім "Газпром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "ҚазМұнайГаз" АҚ арасында 18-тармаққа негізделген газдың мың текше метрін сату 145 АҚШ долларына сату туралы хаттама бар деген болжам бойынша шығарылған. Газ бағасындағы айырмашылықты қалтаға басқан деген айып тағылған. Алайда, бұл хаттаманың түпнұсқасы жоқ. Хаттамада қол қойған тұлғалардың аты-жөні көрсетілмеген. Оған қол қойды деген адамдардан, айыптаушы тараптың айтуынша, жауап алынбаған. Осы хаттама жобасының "Қазтрансгаз" АҚ қызметкерлерінің хат-хабарларынан алынған электронды көшірмесі оның шынайылығын дәлелдеу үшін жеткіліксіз", – деп түсіндірді судьялар алқасы.

Талқылау